• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №386

363 рет
көрсетілді

2015 жылғы 10 желтоқсан, Астана қаласы «Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы №154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 6 тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының «Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесі туралы» 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына (№4725-пен тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы 11 маусымда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы»; Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі оның көшірмелерін жолдауды; 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №386 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырындағы №154 бұйрығымен бекітілген «Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. «Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына (бұдан әрі – музей заттары) қол жеткізу тәртібін белгілейді. 2. Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу тәртібі 2. Музейдің сақтау қоймасына қол жеткізу музей заттарының сақталуына жауапты музей қызметкерімен қамтамасыз етіледі (бұдан әрі – сақтаушы). 3. Сақтау қоймасына әрбір кіру сақтаушымен жүргізілетін сақтау қоймасына келу журналында белгіленеді. Сақтау қоймасына келу журналында сақтау қоймасына келушілердің мерзімі, уақыты және келу мақсаты, тегі және аты мен әкесінің атының бірінші әріптері жөнінде жазба енгізіліп, сақтаушының және келушінің қолдары қойылады. Сақтау қоймасына келу журналы байланады, нөмірленеді және соңғы жазба енгізілгеннен кейін сақтаушының қолы қойылып, музейдің мөрімен басылады. 4. Музей қызметкерлері сақтау қоймасына тек өндірістік қажеттілікпен кіреді. 5. Музей заттарын музей аумағының шегінде сақтау қоймасынан уақытша пайдалануға тапсыру сақтаушы мен музей қызметкерлері арасында осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсыру актісімен ресімделеді. Музей заттарын сақтау қоймасына қабылдау осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайтару актісімен ресімделеді. 6. Жеке тұлғалар сақтау қоймасына музей сақтаушысымен берілген бір реттік рұқсат қағазымен кіре алады. Рұқсат қағазы келушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) сақтау қоймасында болған уақыты, келу мақсаты туралы мәліметті қамтиды. Бір реттік рұқсат қағазы келуші сақтау қоймасына кіріп шыққаннан кейін қор сақтаушыда қалады. Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан ____________________________ (музейдің толық атауы) № ____ Тапсыру актісі Осы акт « »___________20__жылы __________________________________________________ ________________________________________________________________________құрамымен (музейдің бас қор сақтаушысының, сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты, (болған жағдайда) төмендегі музей заттары мен (немесе) музей коллекцияларын: « » ________ 20__ жылға дейін тапсырғандығы, ал _________________________________________________ (аты, жөні, әкесінің аты, (болған жағдайда), лауазымы) уақытша пайдалануға _________________________________________________________ мақсатында қабылдағаны туралы жасалды: № р/с Музей затының атауы және қысқаша сипаттамасы, оның дайындалу техникасы, өлшемі Музей заттарының саны Музей затының шифры Музей затының сақталуы Ескерту 1 2 3 4 5 6 Мен,_________________________________________________________________________________________ (көрсетілген музей заттары мен музей коллекцияларын қабылдаған тұлғаның _____________________________________________________________________________________________ аты, жөні, әкесінің аты, (болған жағдайда), лауазымы) көрсетілген музей заттары мен (немесе) музей коллекцияларын қабылдаймын, және олардың сақталуын қамтамасыз етемін және осы актіде белгіленген мерзімде қайтарамын. Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларына 2-қосымша Нысан ____________________________ (музейдің толық атауы) № ____ Қайтару актісі Осы акт « »___________20__жылы _______________________________________________ ______________________________________________________________________құрамымен (музейдің бас қор сақтаушысының, сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты, (болған жағдайда) төмендегі музей заттары мен (немесе) музей коллекцияларын: « » ________ 20__ жылы қабылдағаны, ал _______________________________________________ (аты, жөні, әкесінің аты, (болған жағдайда), лауазымы) « » ________ 20__ жылы қайтарғаны туралы жасалды: № р/с Музей затының атауы және қысқаша сипаттамасы, оның дайындалу техникасы, өлшемі Музей заттарының саны Музей затының шифры Музей затының сақталуы Ескерту 1 2 3 4 5 6 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 11 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12840 болып енгізілді.